Орталық Азия СІМ басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелерін талқылады  

«Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция қарсаңында Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының бейресми кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қатысты.

Тараптар 6 тамызда Түрікменстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне дайындықты талқылады. Іс-шараның күн тәртібі, сондай-ақ Саммиттің қорытынды құжаттары мен бағдарламасы бойынша пікір алмасылды.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі