424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ерлан Қарин: Ауыл әкімдерінің сайлауына 2297 үміткер тіркелді

  • 121
  • UPD: 15:26, 16.07.2021
Ерлан Қарин: Ауыл әкімдерінің сайлауына 2297 үміткер тіркелді

Еліміз бойынша ауыл әкімдерінің сайлауына 2582 үміткер ұсынылды. Соның 88,9 проценті, яғни 2297-сі кандидат ретінде тіркеуден өтті.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді. Саяси партиялар тарапынан 878 үміткер бар. Яғни олардың тарапынан белсенділік жоғары. Елдегі барлық партия кандидаттарын тіркеп үлгірген. Дегенмен, өзін өзі ұсынғандар саны басым. 1419 адам. Немесе жалпы үміткерлердің 61,8 процентін құрайды.

«Бұл Президент бастамасымен жүзеге асқан саяси реформаның нәтижелі көрінісі», - дейді сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы