424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 135
  • UPD: 23:50, 17.07.2021
Президент Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы «Бернд» циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте жақындарынан айырылған азалы отбасылардың орыны толмас қайғыларына ортақтаса отырып, Сізге және бүкіл бельгиялықтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Табиғи апаттан жараланғандардың тез арада сауығып кетуіне және із-түзсіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін» делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы