Тоқаев: Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін

Коронавирустың таралуына байланысты жағдай ушығып, жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылған.

Бұл туралы Президент кеңес барысында айтты.

«Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды», – деді.

Тоқаев жағдайды одан бетер ушықтырып алмас үшін үкімет пен әкімдерге тапсырма берді. Әсіресе Құрбан айт кезінде қауіпсіздік шаралары сақталуы керектігін алға тартты.

«Жағдайды одан бетер ушықтырып алуымыз мүмкін. Үкімет пен әкімдер осы мәселені ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Құрбан айтта инфекциялық қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету қажет.

Ертең бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Елде күрделі ахуал қалыптасып отыр. Сондықтан біз жұрттың құрбандық шалатын жерлерде жаппай жиналуын болдырмауымыз керек», – деді Президент.

 

Сондай-ақ:

Мемлекет басшысы коронавирустың таралуын тоқтатудың жалғыз жолын атады

Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды – Президент