Қ.Тоқаев Үкімет пен өңір басшыларына белгіленген міндеттерді мінсіз атқаруға тапсырма берді

Мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес отырысында былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты.

«Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс», – деді Президент.