Мұрат Баймұқашев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Мұрат Баймұқашев 1967 жылы 23 мамырда дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (инженер-механик), 1998 жылы ҚР ҰҚК (ІІМ) Қарағанды жоғары мектебін (заңгер-құқықтанушы), 2015 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (мемлекеттік басқару магистрі) үздік бітірген. 

1994-2009 жылдары – ішкі істер органдарының кіші, орта және аға басшылығы құрамдарында қызмет еткен, оның ішінде: ІІМ Штаб-Департаменті бастығының орынбасары, Ішкі істер министрінің кеңесшісі, ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған. 

2009 жылы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (Бас прокуратура Департаментінің бастығы есебінде). 

2009-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

2013-2019 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі. 

2019 жылғы 10 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2020 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарды.