424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ғарыштан мониторингілеу көмегімен елімізде 4763 қоқыс полигоны анықталды

  • 141
  • UPD: 23:28, 23.07.2021

Асқар Мамин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген қолданыстағы қоқыс орындарын жою және жаңа стихиялық қоқыстардың пайда болуына жол бермеу туралы тапсырмасын іске асыру барысы қаралды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев космомониторинг рұқсат етілмеген 4763 қалдықтарды орналастыру орнын анықтағанын айтты. Биылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша елде 2932 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істейді, олардың 509-ы экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Ел аумағында 191 қоқыс шығаратын ұйым бар. Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдарға экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін қоқыс полигондарын қалпына келтіруді, қайта өңдеу және көму жөнінде инфрақұрылым құруды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы