Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңызды екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.