425,73 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне көңіл айтты

  • 250
  • UPD: 10:38, 25.07.2021
Мемлекет басшысы Үндістан Президентіне көңіл айтты Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз, – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы