Жетісу жерінде саяси дода 71 ауылдық округте өтіп жатыр

Алматы облысындағы сайлау өтіп жатқан ауылдық округтердің халқы бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

«Өйткені сайланған әкім жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, суармалы алқаптар мен жайылымдық жерлерді ұлғайту сияқты күрделенген мәселелерді шешуге қызу кірісіп, болашақта алтын бесік ауылымызды көркейтуге атсалысады деген сенімдіміз», - дейді Алматы облысының Көксу ауданына қарасты Жарлыөзек ауылының тұрғындары. 

Ардақ Айбарұлы, тілші:

- Бүгінгі саяси дода Жетісу жеріндегі 71 ауылдық округте өтіп жатыр. Облыс бойынша 235 үміткер тіркелген. Соның 82-сі саяси партиялардан, қалғандары өзін өзі ұсынғандар.

Олардың ең жасы 25-те болса, ең үлкені 62 жаста. Бірі Алакөл ауданының Теректі ауылдық округіне, ал екіншісі Еңбекшіқазақ ауданындағы Балтабай ауылдық округіне әкім болуға талаптанып отыр. Қазір сайлау өтіп жатқан 71 елді мекендегі 220 мыңнан астам сайлаушының 60 процентке жуығы дауыс беріп, өз таңдауларын жасап үлгерді. 

Мұратбек Түлекенов, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Көксу ауданында қазір 11 сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр. Сайлау учаскесіне тіркелген сайлаушылардың саны 12 кандидат бар, 4 округ. Жергілікті ауылдық мерзімі аяқталған әкімдердің сайлауына 12 үміткер түсіп жатыр. Барлық санитарлық талаптар, заң талаптары қатаң сақталып, ұйымдасқан түрде сайлау өтіп жатыр.

Көксу ауданындағы Жарлыөзек ауылдық округінің халқы бүгін сайланатын болашақ әкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтады. Өйткені қай ауылды алсаңыз да көптен шешімін таппай келе жатқан түйткілді мәселе аз емес.

БЛИЦ: 

– Халықтың сұрайтынымыз не? Ең бірінші мына ауыл шаруашылығының ыңғайын жасау. Су мәселесі енді толық болмаса да бар, тартылған. Газ мәселесі, одан кейін мына мал жайылымы. Ол кішкене аздау болып тұр, жер. Содан кейін мына жарық, көшелер әлі қамтылмай жатыр.

- Мына енді болашақ әкім келген кезде жолымызды түзесе, анау центральная трасса дейміз ғой, сол трасса жартысына дейін келіп, жартысынан бері қарай әлі қозғалмай тұр. Сол шаруаны шешсе.

- Ауылдық әкімімізден үлкен үміт күтеміз. Мына мектебімізді әйбәттәп, жақсылап, ремонт істетіп берсе екен деп ойлаймыз.

Ардақ Айбарұлы, тілші: 

- Иә, осылайша Қазақстан тарихында бірінші рет ауылдық округ әкімдері тікелей әдіспен сайланып жатыр. Нәтижесі қандай болады? Оны уақыт көрсетеді. Ал ауыл халқы өз таңдауларымен әкімдік қызмекте келген тұлға ел мен жерді көркейту жолында адал да абыройлы қызмет атқарады деген сенімде. 

Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев, Жеңіс Әбдірешев