Қызылордада сайлаушылардың 63,2%-і дауыс берді

Ауыл әкімі орынтағынан 3 кандидат үмітті.

Қызылорда облысындағы 40 ауылдық округті басқаруға ниетті 122 үміткердің 8-і әйел. Елді мекенге жетекшілік жасап отырған 24 әкім жылы орнын суытқысы келмейді. Одан бөлек 55 мемлекеттік қызметші, бюджеттік саланың 35 қызметкері және 5 бизнесмен мен 3 жұмыссыз азамат тіркеліп отыр. Ең жас кандидат 27-ге енді келсе, егдесі 62-ні толтырыпты. Сайлау комиссиясының мәліметінше дауыс беруге келгендер көрсеткіші жалпы электораттың 48,8 процентін құрап отыр.

Ғалым Баймырзаев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Сайлау барлық учаскелерде конституциялық заңға сәйкес өтуде. Құқық бұзушылықтар анықталған жоқ. Арыз-шағымдар түскен жоқ. Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде саяси партиялардан басқа да қоғамдық бірлестік және коммерциялық ұйымдардың сенім білдірген адамдары мен байқаушылары барлығы 113 адам байқау жүргізуде. Сенім білдірген адамдар – 116, саяси партиядан – 121, қоғамдық ұйымдардан – 74 және БАҚ өкілдерінен – 2.