Сайлау-2021: БҚО тұрғындарының үштен бір бөлігі таңдауын жасады

Түске дейін Батыс Қазақстан облысында барлығы 79 сайлау учаскесі ашылған.

488 комиссия мүшесі алдын ала дайындан өтіп, осы учаскелердің қызметін қамтамасыз етіп жатыр. Олардың жұмысын 84 байқаушы қадағалауда. Олар 2 күн бұрын ПТР тест тапсырған. Учаскелердегі санитарлық талаптар қатаң орындалып жатыр. Мұндағы тәртіптің сақталуы да жіті бақылауда. Бүгін 130 полиция қызметкері сайлаудың еш кедергісіз өтуіне жауапты.