Түркістан облысында сайлаушылардың 70%-і өз таңдауын жасады

Аумақтық орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси науқанға халық белсенді қатысуда.

Түркістан облысында да саяси науқан сайлаушылардың белсенді қатысуымен өтіп жатыр. Мәселен, дауыс беріп, өз таңдауын жасаудан жаңадан құрылған Сауран ауданы көш бастап тұр. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, дәл қазіргі уақытқа дейін мұнда халықтың 80% дауыс берген. Екінші орында Арыс қаласы тұр. Онда сайлаушылардың 75% өз таңдауын жасаған. Сол сияқты Шардара, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Кентау қаласы тұрғындарының 70%-тен астамы саяси науқанға белсенді қатысып, өз құқықтарын пайдаланды. Қалғандан аудандардың көрсеткіші 60%-тен жоғары. Карантиндік шектеулерге қарамастан ауыл тұрғындарының барлығына дауыс беруіне мүмкіндік жасалды.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша өкілеттілігі аяқталған 60 ауылдық округ әкімдігіне үміткер ретінде 166 азамат тіркеліп, саяси додаға қатысты. Жалпы облыста 241 сайлау уческесі бар. Онда 265 адам өз таңдауын жасайды. Ал енді бұл бәсекеде кімнің бағы жанып, мерейі үстем боларын сайлау қорытындысы анықтайды.