Т. Күнәділов: Саяси дода кезінде заңбұзушылықтар орын алған жоқ

Сайлау заңнамасын бұзушылық анықталған жоқ.

Бұл туралы Cайлауды партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтты. Айтуынша, қазір ел бойынша 1845 сайлау учаскелерінде Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары қамтылған. Екі мыңнан астам байқаушы республиканың барлық облыстарында, ең шалғай сайлау учаскелерінде де  жұмыс істеп жатыр.

Төлеген Күнәділов «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын атап өткім келеді. Біздің орталықтан және өңірлік штаттарда нақты уақыт режимінде ақпарат келетін ахуалдық орталықтар ашылатын болатын. Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс беріп үлгерген.  Осы сайлау үрдісін заңнамалық, ашықтыққа кедергі жасайтын өрескел заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Кішігірім техникалық жағынан ғана бұзушылық болды. Ескерту алынып, барлық бұзушылықтар жойылды.