Еңбек министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі жаңа өкілеттіктерге ие болды

2021 жылы 19 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қон, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктерден бөлек халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктерін өткізіп беру арқылы қайта құрылымдалады.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру бойынша Ішкі істер министрлігінің функциялары мен өкілеттіктерін өзіне өткізіп алды:

- 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында отырған адамдарға қатысты;

- 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.