425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

А.Мамин Өзбекстанның көлік министрі И.Махкамовпен кездесті

  • 156
  • UPD: 15:25, 27.07.2021
А.Мамин Өзбекстанның көлік министрі И.Махкамовпен кездесті primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті.

Тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Өзбекстанмен стратегиялық серіктестігі транзиттік-көлік саласын қоса алғанда, барлық бағыттарда қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Өзбекстан тараптары өзара сауда көлемін ұлғайту үшін көлік-логистика әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

2021 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 46% өсіп, $1,5 млрд құрады. ҚР-ның ӨР-ға экспорты 58,4% ұлғайды.

Пандемияға қарамастан, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының барлық түрлері бойынша көрсеткіштердің артқаны байқалады.

Тек 2021 жылдың І тоқсанында контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57% өсіммен 233,9 мың ЖФЭ-ге дейін артып келеді. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі осы жылдың 6 айында 18% өсіп, 1,3 млн тоннаны құрады.

Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен Ақтөбе – Нөкіс бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта ҚР мен ӨР арасында аптасына 32 рейс орындалады.

Кездесу барысында тараптар бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру – «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол желісін, «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралін салу және т. б. жоспарларды талқылады.

Хабар 24 телеарнасы