Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ермек Сағымбаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.