Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.Сағымбаевқа жүктелді

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді», - деп жазды Б.Уәли.

Бұған дейін Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылғанын хабарладық.