425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты

  • 265
  • UPD: 18:38, 31.07.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты facebook.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

 

Хабар 24 телеарнасы