Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұған дейін Президент Досаевты басқарма басшысы етіп тағайындаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялаған болатын

жалпы, Қ.Досаев 2019 ж. 20 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметіне тағайындалған болатын.

Ал 2021 ж. 30 шілдесінде Қ.Досаев Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Ал 2021 ж. 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қ.Досаев қызметінен босатылды.