Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен екі жақты кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Түркіменстанға жұмыс сапары аясында осы елдің Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен екі жақты кездесу өткізді.

Тараптар қазақ-түрікмен байланысын одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен тарапының өңірлік қауіпсіздікті және халықаралық жағдайды жақсартуға бағытталған жұмысын ерекше атап өтті. Ал қазір Президент Аваза ұлттық туристік аймағында Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысып жатыр. Осыдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес мемлекеттер басшыларымен де екі жақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Кейін саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстан үшін Түрікменстан стратегиялық әріптес. Ұзақ мерзімді ортақ жобаларымыз бар. Екі жақты байланысты нығайта түсуге барынша басымдық береміз. Бүгінгі келіссөз, қол қойылатын құжаттар бауырлас елдеріміз арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді деп сенемін.