Қ.Тоқаев: Ауғанстандағы жағдайды бақылауда ұстау керек

«Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстау керек».

Мемлекет басшысы елдегі ахуалға байланысты өткізілген екінші жиында осылай деді. Шара барысында Президент Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету қажеттігін ескертті. Сондағы азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін де сөз етті.

«Бұл Ауғанстан Ислам Республикасымен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдауда аса маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.