Тілеуберді мен Лавров Ауғанстандағы ахуал жайын ақылдасты

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы хабарласып, Ауғанстандағы ахуал жайын ақылдасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. Көрші елдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар Ауғанстанда қалыптасқан жағдай бойынша пікір бөлісіп, Орталық Азия өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайын талқылаған.

Министрлер тәліптердің алғашқы жасаған мәлімдемелеріне қарап, ахуалды келіссөздер арқылы реттеуге болатынына сенім білдіріп отыр. Сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесі қаралды.