ҚР СІМ: Ауғанстандағы ахуалды жергілікті халықтың өзі реттеуі керек

Ауғанстанда қалыптасқан ахуалды жергілікті халықтың өзі реттеу керек.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осындай хабарлама жасады. Ведомство Ауғанстандағы жағдайды назардан тыс қалдырмайды. Қазақстан тарапы мұндағы билік транзитін бейбіт жолмен көшіру қажеттілігін қалайды.

Естеріңізге салайық, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қауіпсіздік кеңесі елде инклюзивті үкімет құрып, аз ұлттар мен әйелдердің құқығын қорғауға шақырды. Қазақстан да бұл мәлімдемені толықтай қолдайды. Яғни, Ауғанстан билігімен диалог орнату кезінде халықаралық құқық нормалары орындалуы тиіс.