425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Асқар Шәкіров Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша өкілімен кездесу өткізді

  • 142
  • UPD: 15:06, 19.08.2021
Асқар Шәкіров Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша өкілімен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесті.

Кездесу барысында вице-спикер ЕО өкіліне Сенат қызметінің негізгі бағыттары және Мемлекет басшысының елімізді жаңғырту бағдарын іске асыру үшін қабылданған заңдар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар Сенат төрағасының орынбасары Қазақстан демократияны, құқық үстемдігін және адам құқықтарын нығайту мәселелеріне баса мән беретінін, бұл еліміздің өзара іс-қимылдың барлық деңгейінде сындарлы диалогқа дайын екенін көрсететінін атап өтті. Кездесу барысында Қазақстанның адам құқықтары саласындағы барлық дерлік халықаралық құжаттардың, оның ішінде БҰҰ-ның 7 негізгі құқық қорғау конвенцияларының толық құқықты қатысушысы екені де сөз болды.

Кездесуде парламентаралық байланысты жандандыру мәселесі де талқыланды.

«Біз парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға баса мән беріп келеміз. Қазіргі таңда Еуропарламентте сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ықпал ету үшінҚазақстан мен Еуроодақтың достық тобы жұмыс істейді. Бұл жұмысты жандандыру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және парламентаралық байланыстарды нығайтуға тың серпін береді деп сенеміз», – деді Асқар Шәкіров.

Сұхбат барысында Орталық Азиядағы өзекті мәселелер, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай да талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы