Қ.Тоқаев: Ауғанстандағы жағдай алаңдатып отыр

Президент Еуразиялық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ұйыммен тығыз байланыс орнағанын атап өтті. Былтыр екіжақты сауда айналымы 24 млрд долларға жуықтаған. Осы ретте, тараптар Ауғанстандағы жағдайды сөз етті. Қазақстан Президенті Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туындап отырған сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, бұл жағдайдың бар ауыртпалығы қақтығыс аймағына жақын орналасқан Орталық Азия мемлекеттеріне сезіліп отыр. Тараптар Ауғанстанның барлық аумағында жуық арада жағдайдың тұрақталып, қоғамдық тәртіптің орнығуына, адам құқықтары мен еркіндігінің сақталуына және Кабулдың халықаралық әуежайынан адамдарды кедергісіз көшіруге қатысты пікірлерін білдірді.