«Талибан» Кабулдағы Қазақстан елшілігін қорғауға уәде берді – ҚР СІМ

Кабулдағы Қазақстан Елшілігін «Талибан» ұйымының өкілдері күзетіп тұр.

Тәліптер Ауғанстан астанасын басып алған күні біздің елшілікке келіп, жұмысты бұрынғыша жалғастыра беруді айтқан. Сондай-ақ дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берген. Дегенмен, еліміздің Сыртқы істер министрлігі «Ауғанстанның қазіргі билігін мойындаған жоқпыз» деп мәлімдеме жасады.

Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- «Талибан» Кабулды басып алған күні біздің елшілік орналасқан аумақты да өз бақылауына алды. Ол кезде полиция мен күзет қызметінің қорғауынсыз қалғанбыз. Тәліптер елшілікке келгенде елші далаға шығып, олармен сөйлесті. Ғимараттың Қазақстан елшілігіне тиесілі екенін естіген соң: «ештеңеден қорықпаңыздар, осыған дейін қалай жұмыс істедіңіздер, солай жұмыс істей беріңіздер. Сіздерді күзетеміз» деді. Бұдан артық байланысқа бармадық. Содан бері тәліптердің күзетіндеміз.

Сондай-ақ...