24 тамыз күні Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 24 тамызда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал;

ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы; 

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындық және оны өткізу.