423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҰҰ-ның тағы бір топ қызметкері Кабулдан Алматыға жеткізілді

  • 152
  • UPD: 17:21, 23.08.2021
БҰҰ-ның тағы бір топ қызметкері Кабулдан Алматыға жеткізілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының тағы бір топ қызметкері Ауғанстаннан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

108 жолаушы мінген ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды. Бұл Кабулдан бағыт алған екінші рейс. Жолаушылардың арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінен бөлек Ауғанстандағы бірнеше үкіметтік емес ұйымның мүшелері бар. Ұйымның ауған еліндегі мақсаты – серіктестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және миллиондаған мұқтаж ауғандыққа маңызды гуманитарлық және басқа да көмек жеткізу.

Айта кетейік, Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлі бар алғашқы рейс 18 тамызда келген болатын. Ұйым өкілдерінің бірқатары өз жұмысын қашықтан, Алматыда отырып атқарады.

Хабар 24 телеарнасы