Қ.Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы мен орынбасарын тағайындады

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Ермек Сағымбаевтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылуына байланысты Батырбек Бердібайұлы Байбосынов осы лауазымға тағайындалды.