Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты

Еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты.

Бұл туралы ол тілшілердің сауалына жауап беру кезінде мәлімдеді. 

Кеше Тараз маңындағы әскери қоймадағы жарылыстан соң Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев өз еркімен отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Мұны ведомство растады.

Есте болса, 2019 жылы Арыста болған апаттан кейін Президент Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялаған еді.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады. Ал соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды