Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамы өзгерді

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгерістер енгізілді 

2021 жылғы 27 тамыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

  1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына енгізілсін: 

Рогов Игорь Иванович    –    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Комиссияның төрағасы (келісім бойынша); 

аталған Комиссияның құрамынан Қ.С. Мусин шығарылсын.

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

 

Қазақстан Республикасының 

                  Президенті                                                                          Қ.Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 27 тамыз     

                               № 644