И.Рогов Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамынан шығарылды

«Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі №140 Жарлығына өзгерістер енгізілді. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты  Төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша);

аталған Комиссияның құрамынан И.И.Рогов шығарылсын.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.