Тоқаев Байденге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джо Байденге Кабул әуежайында болған жарылыстан көптеген америкалық әскеридің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Президент өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жазбасында құрама штаттардың тарихында ең ауқымды әрі ең қиын эвакуациялау шарасы лайықты аяқталады деп сенім білдірді. Сондай-ақ, Қазақстанның терроризмге қарсы халықаралық негізгі әріптестермен күш біріктіруді жалғастыратынын атап өтті.