Елбасы Жамбыл облысының әкімімен және Қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен және Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Хабар 24.

Әңгіме барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында мәлімет ұсынылды және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті барлық зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің және төтенше жағдай салдарын жоюдың маңыздылығын атап өтті. Сондай ақ төтенше жағдай кезінде қаза болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды