425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елбасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы өкілін қабылдады

  • 128
  • UPD: 20:54, 27.08.2021
Елбасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы өкілін қабылдады

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы дайындық комиссиясының басшысы Роберт Флойдтпен Қазақстанның Тұңғыш Президенті- Нұрсұлтан Назарбаев та кездесті.

Елбасы оның Қазақстанның антиядролық бағыттағы жұмысына жоғары баға бергені үшін ризашылық білдірді.Өз кезегінде Флойд ядролық қарусыздану, оны таратпау, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісіне зор үлес қосқан осындай көрнекті тұлғамен кездесу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Кездесу аясында Елбасы Флойдты осы ұйымның дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы лауазымына сайлануымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Кездесуде тараптар халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы жағдай туралы пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы:

–29 тамызда Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойғаныма 30 жыл толады. Содан бері біз ядролық қаруға қарсы тынымсыз күрес жүргізіп келеміз. Қазақстан сынақтардың барлық ауырпашылығын өз мойнына алды: мұнда 500-ден астам жарылыс жасалды.  Олардан көптеген адам зардап шекті. Біз полигонды жауып қана қоймай, әлемдегі көлемі бойынша төртінші ядролық арсеналдан да бас тарттық. Біз ядролық қаруға қарсы іс-қимыл жасауға және ядролық сынақтарға тыйым салуға арналған барлық іс-шараларға қатысамыз. Мен осы жылы стратегиялық шабуыл қаруын одан әрі азайту және шектеу жөніндегі шаралар туралы Ресей-Америка келісімінің ұзартылғанына қуаныштымын. Бұл жұмыс жалғасын табады деп үміттенемін. Біздің қызметімізді бағалағанына ризамын. Біздің ұсынысымыз бойынша БҰҰ 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.

Роберт Флойд, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы дайындық комиссиясының басшысы:

– Сіз Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты  жүзеге асыруға зор үлес қостыңыз. Бұл тұрғыдағы сіздің үлесіңізді бағалауға сөз жетпейді, оның эффекті өте үлкен.

Хабар 24 телеарнасы