Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру бастамасының маңызы зор – елші Казухиро Сузуки

Ядролық қарусыз әлем құрудағы Қазақстанның рөлі мен ықпалы. Осындай атаумен Анкарада халықаралық жиын өтті.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырған шара Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына орайластырылған. Оған Түркиядағы шетелдік дипломатия өкілдіктерінің басшылары мен дипломаттар, стратегиялық орталықтардың басшылары, ғалымдар қатысты. Қатысушылар Семей ядролық полигоны жөнінде жиыннан бөлек арнайы фильм мен көрме арқылы да бірқатар мағлұмат алды. Жапония Елшісі Казухиро Сузуки, атом бомбасының Хиросима мен Нагасакиде қанша адамның өмірін қиғандығын еске алып, қай ел болмасын  бұл қатерге қарсы тұруы керек екенін жеткізді. Бұл тұрғыда, Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру бастамасының маңызы зор деп атап өтті.

Казухиро Сузуки, Жапонияның Түркиядағы Елшісі:

– Қазақстан мен Жапония, ядролық қарудың зиянын бастан өткерген мемлекеттер. Сондықтан, екі жақта мұның жаһандық қатер екенін жақсы түсінеді. Менің ойымша, бұл екі ел ядролық қару мен атом бомбасының қаншалықты қауіпті екенін және адамзат үшін өмір мен өлім бар екенін төрткүл дүниеге түсіндіруге тиіс. Жапония елшілігі ретінде, Қазақстанның осындай бастамаларды көтергенін және түрік халқына  жеткізе алғанына ризамыз.

 Гулин Динч, ТР СІМ қауіпсіздік мәселелері департаментінің директоры:

– Әлемде  ядролық қарусыздану тұрғысында Қазақстанның ролі зор. Мақсат-мүддесі және осы жағдайдан зардап шеккен ел  болғандықтан да бастамаларына баршамыз қолдау көрсетіміз керек. Түркия, бұл мәселеде барлық күш жігеріп жұмсап отыр. Өкінішке орай, әрқашан діттеген мақсатымызға жете бермейміз. Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап осы жолдан тайған жоқ. Орталық Азияда ядролық қарудан бас тартқан қауіпсіз аймақ құрды. Бұл тұрғыда біз секілді елдер алғысымызды білдіруіміз қажет.