Қазақстан ядролық сынақтың кесірі бірнеше ұрпаққа тарайтынын дәлелдеген ел – Алан Варе

Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде  бас тартқан ел. Осыдан 30 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдеріне Семей ядролық полигонының жабылғанын жария етті. Бұл жаһан жұртына үлгі болған шешім. Базель бейбітшілік кеңсесінің директоры Алан Варе Берн қаласында арнамыздың тілшісіне берген сұхбатында осылай деді.

Алан Варе, Базель бейбітшілік кеңсесінің басшысы:

- Мен Семей ядролық полигонында болдым. Қазір ол жерде ядролық сынақтардың ізі қалмағанымен зардабы жергілікті университеттер мен ауруханаларда сақталған. Радиацияның салдарынан көптеген ауытқулар мен ауруға ұшыраған сәбилердің бейнесін сол жерден көре аласыздар. Қазақстан ядролық сынақтың кесірі бірнеше ұрпаққа тарайтынын дәлелдеп, бұл қаруды ешқашан, еш жерде қолданбауға шақыратын ел.