Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы теледидар мен радио арқылы таратылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы теледидар мен радио арқылы таратылады.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

Ертең сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.