БҰҰ: Қазақстан жаһандық ядролық қозғалыс көшбасшысы

Қазақстан сөзсіз ядроға қарсы қозғалыстың көшбасшысы саналады. Женевада өткен халықаралық конференция қатысушылары бір ауыздан осылай деді. «Қазақстан-БҰҰ: бейбітшілік мақсатындағы серіктестік» атты іс-шара Семей полигонының жабылуының 30 жылдығы мен халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күніне орайластырылған. Оған қазақстандық және шетелдік саясаткерлер, ядролық қарусыздану жөніндегі сарапшылар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Семей полигонының жабылуынан жаһандық ядроға қарсы қозғалыстың жаңа сатысы басталды. Бүгінде Қазақстан ядролық қарусыздану саласындағы барлық халықаралық келісімдерге қатысып келеді. Женевада өткен халықаралық конференцияда сөз сөйлеген Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат осылай деді. 

Бақытжан Темірболат, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры:

- Казахстан придает большое значение взаимодействию с ООН. Благодаря взаимопониманию и тесному сотрудничеству за эти годы был реализован целый ряд крупных международных инициатив Казахстана - Эксперты ООН, высоко оценив международные инициативы Казахстана, особо подчеркнули потенциал идей, инициатив Нурсултана Назарбаева для их реализации в будущем.

Елбасының ең өзекті бастамаларының бірі ядролық қарудан азат әлем құру болғаны сөзсіз.

Татьяна Валовая, БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің бас директоры:

- 40 жыл бойы Семей полигонында ядролық сынақтар жүргізілді. Және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы осы полигонды жабу туралы шешімі саяси батылдық болды. Осыдан кейін Қазақстан ядролық қарусыздануға бағытталған көптеген бастамаларды көтерді. Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартқа осыдан 25 жыл бұрын қол қойылғанына қарамастан ол әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Біз үшін планетамызды ядролық қарудан және сынақтардан азат ету үшін белсенді күрес жүргізу өте маңызды.

Семей полигонын жабу туралы шешім 1996 жылы ядролық сынаққа тыйым салу туралы шарттың қабылдануына негіз болды. Құжатқа алғашқы болып қол қойған елдердің бірі Қазақстан.

Беатрис Фин, (IKAN) Ядролық қарудың көзін жою жөніндегі халықаралық науқанның атқарушы директоры:

- Семей полигонының жабылуының 30 жылдығы - ядролық қарусыздану бойынша әлем үшін айтулы оқиға әрі үлкен жетістік. Сіздердің елдеріңіздің ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттағы жетекші позицияларыңызды ескере отырып, бұл сәтте Қазақстанмен бірге болу бізді қуантады. 

Конференцияда Тұғыш президент-Елбасы кітапханасы «Ядросыз әлемге жол: Нұрсұлтан Назарбаев бастамалары» атты кітаптың тұсаукесерін өткізді. Оған Елбасының жеке мұрағатынан алынған әрі осыған дейін жария етілмеген құжаттар кірді. Олардың кейбірі ағылшын тіліне аударылып, енді БҰҰ-ның Женевадағы бөліміндегі мұрағатта сақталады.  

Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов