Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды

Бүгін  сағат 11:00-де республикалық телеарналардың тікелей эфирінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы көрсетіледі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайды.