Франция Президенті Қазақстанның ауғандарды эвакуациялау жөніндегі шешімін жоғары бағалады

Ауғанстандағы жағдайды Мемлекет басшысы Франция Президентімен жан-жақты талқылады.

Эммануэль Макронның өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты көзқарасы мен біздің үкіметтің батыс елдері азаматтары мен ауғандықтарды эвакуациялау жөнінде қабылдаған шаралары туралы айтып берді. Франция Президенті Қазақстанның өз аумағында БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының қызметкерлерін және әлемдік ұйымның басқа да агенттіктерін орналастыру туралы шешімін жоғары бағалады. Президенттер аймақтың тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен орнықты дамуына қатысты мәселелерде жиі ақылдасып тұруға келісті. Мұндай жұмыстар екіжақты деңгейде де, БҰҰ алаңында және халықаралық форматта да жүзеге асырылмақ. Сонымен бірге қос мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері туралы да әңгіме өрбітті.