Қорғаныс министрлігі Airbus А400М ұшақтарын сатып алады

Еліміздің Қорғаныс министрлігі жүк тасымалдайтын екі Airbus А400М әскери-көлік ұшағын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды.

Алғашқы әуе кемесін 2024-ші жылы жеткізу көзделген. Ұшақ әскери, азаматтық-гуманитарлық миссияларда қолданылады. Және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуде де тиімді. Бұл жайында Премьер-Министр мен Airbus басшылығы арасындағы кездесуде айтылды.

Бұдан бөлек, Асқар Мамин мен Airbus концернінің вице-президенті Альберто Гутьеррес елде әскери және азаматтық әуе кемелеріне қызмет көрсететін және жөндейтін орталық құру жобасын пысықтады.