423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан мен Канада СІМ басшылары Ауғанстандағы ахуалды талқылады

  • 129
  • UPD: 07:20, 03.09.2021
Қазақстан мен Канада СІМ басшылары Ауғанстандағы ахуалды талқылады

Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың Сыртқы істер министрі Марк Гарномен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі ахуалды, атап айтқанда жаңа билікпен өзара іс-қимыл жолдарын және осы елдегі гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.

Екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы