423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мәжілісте қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады

  • 88
  • UPD: 12:11, 03.09.2021
Мәжілісте қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады parlam.kz

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.

Хаттама теңіз ортасы мен теңіздің жақындығы әсеріне ұшырап отырған құрлықтың ластануын болдырмау, теңіздің жақындығы әсеріне ұшырап отырған құрлыққа елеулі трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін жүргізуді көздейді.

Күн тәртібінің жобасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа алу қарастырылған. Сонымен қатар Палатаның бейінді комитеттері бірқатар жаңа ратификацияланатын заң жобаларын жұмысқа алмақ. Атап айтқанда, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы және Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары бар.

Хабар 24 телеарнасы