Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобы Президент Жолдауын іске асыруға кірісті

Құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобы Президент Жолдауын іске асыруға кірісті.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев отырысты аша отырып, құқық қорғау қызметін дәйекті жаңғырту жөніндегі стратегиялық бағытты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Басты міндеттердің бірі адам құқығын қорғау. Бұл ретте қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізу нәтижесінде болған оң өзгерістер атап өтілді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін орта мерзімді кезеңде реформалаудың бағыттары белгіленді. Сонымен қатар жуық арада шешуді қажет ететін нақты міндеттер жүктелді.

Атап айтқанда, құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына және алаяқтыққа қарсы күреске, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударуы қажет.