425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдады

  • 91
  • UPD: 17:34, 09.09.2021
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдады

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінде осы ұйымның адам құқықтары жөніндегі Кеңеске 2022-2024 жылдардағы мүшелігіне Қазақстанды ұсыну шарасы өтті.

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысушыларды Қазақстандағы саяси реформалардың өту барысымен таныстырып, адам құқықтарын сақтау саласындағы мақсаттары мен басымдықтарын баяндап берді. Халықаралық деңгейде адам құқықтарын ілгерілету мақсатында Қазақстан БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясын Алматыға көшіртуді ұсынды. Ұйымға мүше 40-тан астам елдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары Қазақстандағы адам құқықтары жөнінде Уәкілі Эльвира Азимованың бейнебаяндамасын тыңдады. Кездесуге қатысушылар адам құқықтарын сақтау саласында Қазақстанда өткізіліп жатқан реформаларға жоғары бағасын берді.   

Халид Козер, Ғаламдық қауымдастықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету қорының атқарушы директоры:

- Қазақстан Сириядан өз азаматтарын қайтару бойынша бәрінен алда келеді. Бұл елдегі лагерльлерде әлі күнге дейін жасақшылардың әйелдері мен балалары көп. Халықаралық қауымдастықтың басты мақсаты оларды еліне қайтару. Бұл бағытта жол салған Қазақстанның өзгелермен бөлісетін тәжірибесі мол. Ауғанстандағы оқиғалардан кейін Орталық Азия әлемдегі өте маңызды аймаққа айналып отыр. Осы тұста Қазақстан секілді осы өңірдегі елдердің Ауғанстандағы өкілеттілігі АҚШ пен НАТО-дан асып түседі. Қазақстан өз аумағында БҰҰ-ның өңірлік өкілдіктерін қабылдау мен Ауғанстанда адам құқықтарының сақталуын қадағалауға бар күшін салып жатыр. Осындай елді БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңеске сайлау керек деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы