Кедендегі келеңсіздікті жоятын кешенді жоспар әзірленді

Елде кедендегі келеңсіздікті жоятын кешенді жоспар әзірленді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Әлгі жоспар көлеңкелі экономикамен күресуге, заңсыз сауданы тоқтатуға, бармақбасты, көзқыстыны болдырмауға бағытталған. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыс аз емес.

Айталық, осыған дейін электронды декларация тапсыру жұмысы жетілдірілді. Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Басқа органдардың ақпарат жүйелерімен интеграция орнатылып, құжат алмасу, ұйымдастыру ісі жолға қойылды. Мемлекеттік хатшы осы бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіру қажеттігін айтты.