425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы лауазымына тағайындалды

  • 152
  • UPD: 14:54, 10.09.2021
Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Хабар 24 Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Берік Мәжитұлы Имашев 1982 ж. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі, Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аудан прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

1994 – 1997 жж. «Казкоммерцбанк» акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары болды.

1997 ж. мамыр – 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы

1998 – 1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы

1999 – 2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы

2001 – 2003 жж. «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ Президенті

2003 – 2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары

2005 ж. мамыр – қазан айлары аралығында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды.

2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

12 қаңтар 2007 жылы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы

20 наурыз 2012 жылдан қазірге дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрі қызметін атқарып келген.

Хабар 24 телеарнасы