Мемлекеттік реформаны билік пен қоғам бірлесіп қабылдағаны жөн – Ерлан Қарин

Реформалар қоғамдық талқылаудан өткенде ғана нәтижелі болады. Мұны Мемлекет басшысының көмекшісі айтты.

Бүгін Ерлан Қарин Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысқан азаматтармен кездесіп, елде жүзеге асып жатқан саяси реформалар төңірегінде ой өрбітті.

Жиында Жолдауда айтылған мәселелер де сөз болды.

«Реформа біржақты, биліктің өздігінен қабылдауымен жүзеге асса, онда қоғам оның кейбір сәттерін түсінбейтіні рас. Сондықтан мемлекеттік реформаны билік пен қоғам бірлесіп қабылдағаны жөн», – деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, қоғам талқылауынан өтпеген реформа біржақты болады.

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің көмекшісі:

– Президенттік бағдарламаға қатысушылар елімізде болып жатқан реформалардың мазмұны мен бағытын олар да толық ұғынулары тиіс. Себебі ертең осы жаңа толқын басшылар осы реформаны жүзеге асырушылар да сол реформаны жүзеге асыруға қатысатын да осы. Әрине бұл реформаны жүзеге асыруға қатысқан соң олар бұл реформалардың мақсатын мазмұнын, бұл реформалардың іске асу жолдарын да түсіну керек. Сондықтан бүгін біз мен өз бағытым бойынша саяси реформалардың жүзеге асып жатқанын баяндадым. Бірақ, бұл жерде мен реформалар қалай жүзеге асып жатыр, мысалы ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу үшін басқа да қосымша түрлі шаралар енгізілген болатын. Реформалардың өзі түпкі мақсат емес. Реформалар біздің мемлекеттік құрылымды әрі қарай дамытудың жолы соның құралы ретінде көрсетіп жатырмыз.